Риддер мен Семейдің жылу жүйесіне қаржы бөлінді

Үкімет Риддер қаласының жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңге, Семей қаласының желілерін жаңғыртуға 16,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Қаржының басым бөлігі  қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен қыста осы екі қаланың жылу желілері сыр беріп, шаһар тұрғындары қақаған қыста жылусыз қалған еді. Семей қаласындағы желілердің ұзындығы 322 шақырым, оның 68%-ы ескірген. Кей бөліктердегі жылу желілері 100% тозған.