Грузия азаматы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Фишингтік алаяқтық жасаған. Осындай күдікпен Грузия азаматы ұсталды.

Шетелдіктің қылмыстық әрекеті арнайы операция кезінде әшкере болды. 41 жастағы ер адам банктерде несие рәсімдейтін Қазақстандықтардың ақшасын алаяқтық жолмен жымқырған. Пайдаланушылардың құпия деректері арнайы ақпараттық бюллетень арқылы алынған. Қазір күдікті қамауға алынды. Оның басқа да ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.