Ақтауда мектептің бас есепшісі қамауға алынды

Күдіктіге 76 миллион теңгеден аса мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылды.

Ол 3 жыл бойы мектептегі штаттық кестеден бірнеше есе көп мөлшерде жалақы алып келген. Прокуратура тексеру жүргізіп, іс жүзінде төленген айлық арасында айырмашылық барын байқаған. 35 жастағы қала тұрғыны кінәсін мойындады. Жинақталған мәлімет экономикалық тергеу департаментіне тапсырылып, сот үкімі шықты. Әзірге ол заңды күшіне енген жоқ.

Мерген Меңдіғалиев, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:

- Бұл факті бойынша прокуратурамен қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 88 жылы туылған. Отбасылы ер азамат.