Алматыда «Азия дауысы» фестивалі аяқталды

Алматыда тыңдарман көптен күткен «Азия дауысы» фестивалі аяқталды.

Үш күнге созылған ән кешінің шымылдығы кеше Медеу мұз айдынында жабылды. Фестивальдің соңғы күні «Буындар сабақтастығы» айдарымен ерекшеленді. «Азия дауысының бұрынғы жеңімпаздары, жас әншілермен бірге дуэт орындады.

«Азия дауысы» фестивалі 19 жыл үзілістен кейін көрерменмен қайта қауышты. Медеу төріндегі мәдени іс-шара талай әншінің бағын ашқаны анық. Мінеки фестивальдің соңғы күнінде осы сахнада елге танылған әндер шырқалды. Роза Рымбаева, Еркеш Шакееев, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Әділ Чекилов және Жұлдыз Османалиева сахнаға шығып, «Жас қанат» конкурсының лауреаттары атанған жас әншілермен дуэт орындады. Қонақтардың қатарында 27 бұрын өткен «Азия дауысы» фестивалінің жеңімпазы Бауыржан Исаевта бар. 

Бауыржан Исаев, әнші:

- «Азия дауысы» фестивалінің оралуы мен үшін үлкен ерекше сәт, үлкен мереке. Өте қатты қуандым алғаш рет естіген кезде қатты қуандым. Енді келесі жылдан бастап қайтадан байқау болып оралайын деп жатыр,-деп айтып жатыр. Барша ұйымдастырушыларға үлен алғысымды және сәттілік тілеймін, алғысымды білдіремін.

Қайта оралған фестивальдің бас демеушісі – Halyk. Концерт банктің әлеуметтік саланы қолдауға арналған «100 игі іс» акциясы аясында ұйымдастырылды. Биыл Halyk банк 100 жылдығын атып өтіп жатыр.

Дәурен Сартаев Halyk басқарма төрағасының орынбасары:

- Біздің банктің 100 жылдығына орай Арманжан Байтасов осы фестивальді қайта жаңғырту туралы жақсы идея ұсынды. Басқарма басшылығы маңызды фестивальді қолдауға бірден келісті. Бұл біздің қаламыз үшін, еліміз үшін сүйікті ән кештерінің бірі және бірегейі.

Үш күндік фестиваль бір-бірінен өзгеше ұйымдастырылған. Концертте әртүрлі кезеңнің хит әндері орындалды. Ән кешін эстрадалық-симфониялық оркестр сүйемелдеді. Алматының бойтұмарына айналған «Азия дауысы» фестивалін 30 мыңдай адам тамашалаған.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Кенже Амраев