Шымкентте асфальт төсеу технологиясы өрескел бұзылған

Шымкентте жарты жылда жол құрылысына қатысты 136 олқылық анықталды.

Әсіресе орташа жөндеу нысандарында талап жиі бұзылады. Мамандар 207 шақырым жолға тексеру жүргізіп, 783 шаршы метр аумақта асфальт төсеу технологиясының өрескел бұзылғанын анықтады. Бұдан бөлек ойық-шұңқырларды тегістей алмаған тағы бір мердігерге кемшілікті түзету жөнінде нұсқама берілді. Сала өкілдері құрылыс барысындағы ақаулар кәсіби кадрлардың жоқтығынан туындайды деп отыр. Себебі елімізде қатардағы инженерден бастап, геодезия, картограф пен механик сынды білікті мамандар тапшы.

Мұхтар Дүйсембеков, "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК қалалық филиалының директоры:

- Су құбыры дейді ғой жолдың ортасында колодецтер жоғары немесе төмен болып тұрады. Қазір олардың бәрін біз жоқ есебіне жеткіздік. Екіншіден тратуармен кетіп бара жатсаңыз счетчиктер болатын. Сондай-ақ асфальттың сапасына байланысты жол төселгеннен кейін сегрегация дейміз жарылып жататын. Осыған қатысты әлеуметтік желіде сын айтылып жатады. Оның бәрі маманның жетіспеушілігіне байланысты.