Сәтбаевта футбол алаңының күмбезі құлады

Сәтбаев қаласында қатты желдің салдарынан футбол алаңының күмбезі құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға кезінде стадионда тек  спорт мектебінің қызметкерлері ғана болған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Күмбез жабындысы қайта жөндеуге келе ме? Ол жағын арнайы сараптама анықтайтын болады.

Футбол алаңы 2005 жылы қолданысқа берілген. Былтыр облыстық спорт басқармасының иелегіне өткен. Бүгінге дейін мұнда қала тұрғындарымен қатар «Ұлытау» кәсіби футбол командасы жаттығып келген еді. Алаң қайта қалпына келтірілгенге дейін жоспарланған барлық ойындар Жезқазған қаласындағы стадионға ауыстырылады.

Мұрат Қоқанов, Сәтбаев қаласы БЖСМ директорының орынбасары:

- Стадион құрылысына қолданылатын мұндай құрылымның желге төзімділігі әртүрлі. Күмбездің қос қапталы жыртылған уақытта жел өте екпінді болды.  Егер күмбез жабындысы жөндеуге жарамды деп танылса, бірден қалпына келтіретін боламыз.