Елімізде Абай есімді 18 мыңнан астам азамат бар

Елде ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың есімін арқалап жүрген 18 мыңнан астам азамат бар.

Қазір олардың көбі, яғни 2050 адам Түркістан облысында тұрады. Астана қаласында 1930, ал Алматы аймағында 1500-ден аса азамат өмір сүреді. Ағартушымен аттастардың ең аз тіркелген мекені – Ұлытау өңірі. Онда 194 адам тіршілік етеді. Ал Ұлы ақынның өз туған өлкесі Абай облысында 240-қа жуық азамат тұрады. Жас шамасымен жіктесек, 17 жасқа дейінгі төрт мыңнан астам «Абай» есімді бала бар. Ал 18 бен 44 жас аралығындағы азаматтардың саны сегіз мыңнан асады.

Абай есімді азаматтар саны 18452

Түркістан облысы 2050 адам

Астана қаласы 1930 адам

Алматы облысы 1588 адам

Ұлытау облысы 194 адам

Абай облысы 238 адам 

Абай есімді азаматтар саны 18452

17 жасқа дейінгі балалар саны 4297

18-44 жас аралығындағы азаматтар саны 8231