Петропавлда Абай күніне орай ерекше флешмоб өтті

Қаланың белсенді жастары ұлы ақынның көшесінде оның өлеңдерін оқыды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерде қазақ халқының біртуар тұлғасына арналған панно салынған. «Шараның мақсаты – Абай шығармаларын кеңінен насихаттап, жұртшылыққа ой тастау», - дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар тұрғындар басты алаңда тұрған Абай мен Пушкиннің ескерткіші маңына жиналып, «Көзімнің қарасы...» әнін шырқады.

Құралай Амантай, қала тұрғыны:

- Абай Құнанбаев – ол қазақтың көрнекті ақыны. Оның өлеңдерін танымайтын қазақ жоқ шығар. Ол көптеген осы адами құндылықтарды насихаттайтын жандардың бірі болып табылады. Оның өлеңдері және шығармалары кез келген адамға үлгі.