Ә. Смайылов Ақтөбе облысындағы әлеуметтік мәселелерге назар аударды

Аймақта Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Премьер-министр шешімін таппаған бірқатар әлеуметтік мәселеге де назар аударды.

13 мыңнан астам бала 101 бейімделген мектепте білім алып жатыр. 5 апаттық жағдайдағы, 24 саман-кірпіштен және 13 ағаштан салынған мектеп жұмыс істейді. Ал оқушы орындарының тапшылығы 17 мыңнан астам. 64 медициналық мекеме тозығы жеткен және бейімделген ғимараттарда орналасқан. «Қазір осы түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары іске асырылып жатыр. Әкімдік жұмысты күшейтіп, жаңа әлеуметтік нысандарды белгіленген мерзімде тапсыруды қамтамасыз етуі қажет», - деді Әлихан Смайылов.