Antikor: Жемқорлыққа қарсы волонтёр болыңыз

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі әрбір қазақстандықты парақорларды анықтауға үлес қосатын волонтер болуға шақырады.

Жобаға қатысу үшін Агенттіктің аумақтық департаменттеріне хабарласып, еріктілер тізіміне енуге болады. Жемқорларды анықтау төрт бағыт бойынша іске асады: Олар - Қоғамдық бақылау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және ағарту; про боно - яғни, заңгер, адвокат ретінде құқықтық көмек көрсету; сондай-ақ, корпоративтік еріктілер бағыты. Соңғысы жемқорлық белгілерімен ұжым болып қарсы тұру қағидатын білдіреді.

Мирас Қарғабай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы:

- Мемлекеттен бөлініп жатқан бюджет қаражаты қалай игеріліп жатыр.  Мемл сатып алу қалай жүзе асырылып жатыр.Мектептерді, жолдарды мынау инфрақұрылым дейміз салыну барысы уақытыылы сапалы жүргізіп жатыр ма. Соның барлығына азаматтар ерікті волонтер ретінде қатысып, қоғамға бақылау жүргізе алады. Кемшіліктер тауып жатса, бізге, уәкілетті органға хабарлама жіберу мүмкіндігі бар. Яғни сондай кері байл каналдары орнатылды.