Қостанай облысында электр желісінің 72 проценті тозған

Қостанай облысында кейінгі жеті айда электр желісінде 660-тан астам технологиялық ақау анықталды.

Өңірде жарықтың сөнуі жиілеп кеткен.  Оның себебін мамандар құрал-жабдықтардың тозығандығымен байланыстырады.  Қазір жалпы ұзындығы 30 мың шақырымға жуық электр желісінің 72 процентін жаңалау қажет. Мамандардың айтуынша бұған кадр мен қаржы тапшылығы кедергі. Жалақының аздығынан кәсіби электр мамандар тұрақтамайды. «Қазіргі қауқарымыз жыл сайын екі процентті жөндеуге ғана жетеді», - дейді олар.    

Дәурен Асқаров, Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:
- Бүгінде электрмен жабдықтаушы кәсіпорындарда маман қат. Соған байланысты қызмет көрсетіп үлгіре алмай жатады. Бұл мәселені орталық мекемлекеттік органдар денгейінде көтеру қажет. Қызмет көрсетуші компанияларды кәсіби электр мамандармен қамтамасыз етіп, оларды тұрақтандыруды заңды тұрғыда шешсе дұрыс болар еді.