МАЭК-ті жөндеу жұмыстары екі ауысыммен жүріп жатыр

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жөндеу жұмыстары екі ауысыммен жүріп жатыр. 

Жылу электр станциясы мен №1 және №3 энергоблок таяу күндері қалпына келтірілуі тиіс. Соның​ бірінде тоқ өндіруші ротордан күрделі​ ақау табылды. Түзетілген соң, генераторға қайта жалғанады. Ал №1 энергетикалық блокта экрандық құбырлар дәнекерленді. Монтаж жұмыстары аяқталған соң гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Естеріңізге салсақ, 11 тамызда жылу электр станциясында апат болып, салдарынан комбинаттың электр қуатын өндіру қабілеті 545 мегаваттан 245-ке дейін төмендеді. Жергілікті елдімекендерге тоқ үш тәуліктен бері шектеумен беріліп жатыр.

Сәкен Заманов жылу электр станциясының ауысым бастығы:

- Қазіргі уақытта №1 энергоблоктың оң жақ бөлігінде әртүрлі диаметрлі құбырлар ауыстырылып жатыр. Жылу электр станциясы жұмысын қалпына келтіруге жөндеу зауытының екі бірдей цехының қызметкерлері тартылған. Дәнеркерлеп-монтаждауы тәулік бойы үзіліссіз жалғасуда. Табылған ақаулықтарды тез арада түзетуге бар күшімізді салып жатырмыз.