Атырауда Жайық өзені көгеріп кетті

Су түсінің өзгеруі тұрғындарды алаңдатып қойған.

Кейбірі мұны химиялық қоспа болуы мүмкін, деген де пікір айтады. Экология департаменті Жайық өзені ағатын Көк-арна-2 елді мекені мен Балықшы ықшам ауданының тұсынан сынама алған. Әзірге судың неден көгергені белгісіз. Бірақ 2021 жылдың шілдесінде осындай жағдай болған. Сол уақытта жүргізілген зерттеу нәтижесінде зиянды заттар анықталмапты. «Табиғи құбылыс күннің ыстығы мен өзен суы деңгейінің төмендеуінен болды», - дейді мамандар.

Сапар Тұрсынбеков, облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы:

- Қазіргі кезде алынған су сынамалары сынақ жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесі келесі аптада дайын болады. Бұған қоса эоклогия департаментімен су сынамаларына мониторнг жүргізу жөнінде Қазгидромет мекемесіне және «Ұлттық сараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сынақ зертханаларына хат жолданды.