Бала күтіміне байланысты төлемақыға 21 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды

Биылдан бастап елде бала күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы төлемақы 1 жарым жасқа дейін ұзартылғаны белгілі.

Соңғы мәлімет бойынша республикалық бюджеттен 20,9 млрд теңге осы мақсатқа жұмсалған. Оны 107 мыңнан аса жұмыссыз ата-ана алған. Ал табысынан уақытша айырылған 439 мыңнан аса ата-анаға

мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 144,8 млрд теңгеге қаржылай көмек көрсетілді.