Президент ҰҚК төрағасын қабылдады

Террористік қылмыстар бойынша сотқа дейінгі 7 тергеу амалы басталды.

3 экстремист сотталды. Лаңкестікке қарсы 103 оқу-жаттығуы өтті. Президент қабылдауында болған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы осылай деді. Ермек Сағымбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның үшінші тоқсанда атқарып жатқан жұмысының нәтижесін және Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп берді. Кездесуде елдегі криминогендік ахуал да баяндалды. Қоғамға қауіп төндірген 5 қылмыстық әрекет пен заңсыз қару айналымының жолы кесілді. Қару, граната, оқ-дәрілер тәркіленді. Есірткіге қарсы күрес барысында 7 зертхана, 8 халықаралық және аймақтық есірткі тасымалының жолы кесілді. Мемлекеттік шекараны қорғау және заңсыз көші-қонмен күрес саласында 4 мыңнан аса құқық бұзушы ұсталды. Еліміздің аса маңызды инфрақұрылым нысандарына жасалған 36 миллионнан астам кибершабуылға тойтарыс берілді.