Ақмола облысында 939 білім нысаны тексерілді

Ақмола облысында биыл 500-ден астам білім ошағында өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қадағалауымен олардың басым бөлігіндегі олқылықтар ретке келтірілді. Ал қауіпсіздікке тиісті деңгейде көңіл бөлмеген мекеме басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мектептердегі өрт қауіпсіздігі жылына екі рет тексерістен өтеді. Алғашқысы көктемде жүзеге асса, екіншісі жаңа оқу жылының басында жүргізіледі. Жалпы жыл басынан бері аймақтағы 939 білім нысаны тексерілді. Соның 500-ден астамында 4,5 мың заңбұзушылық тіркелді.

Манат Бегалин, облыстық ТЖД басқарма басшысының орынбасары:
- Тексеріс барсында көбіне техникалық тұрғыдағы олқылықтар анықталды. Әсіресе бірқатар мектептерде электр жүйелері әбден ескірген. Ал аудан мен ауылдың білім ошақтары орталық жылу қазандығына қосылмағасын, әлі де пеш жағуға мәжбүр. Сондықтан өрттің алдын-алу мақсатында мектептегі қызметкерлермен 20-ға жуық практикалық сабақ өткіздік.