Екібастұз қаласындағы жылыту маусымына дайындық

Екібастұз қаласындағы жылу электр орталығының екі қазандығы жылыту маусымына жүз пайыз дайын.

Ал қыркүйектің ортасына қарай тағы үш қазандық агрегаты тапсырылады. «Бұл ауа температурасы 30 градустан төмендеген жағдайда қаланы жылумен жабдықтауға жеткілікті», - дейді мамандар. Сондай-ақ жылу магистральдарын қалпына келтіру, көпқабатты үйлер мен әлеуметік нысандарды жылыту маусымына дайындау басты назарда. Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша, анықталған 119 ақаудың 96-сы жойылды. Қазір жылу орталығында жұмыстар тәулік бойы жүріп жатыр. Әрбір қазандықты жөндеуге кем дегенде 20 адам жұмылдырылған.

Ботагөз Жақыпова, Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:
- Жылу маусымы басталған кезде алты қазандық жұмыс режимінде болады. Қазан айының аяғында станциядағы барлық жөндеу жұмыстары аяқталады деген жоспар бар.