Геологиялық барлауға назар аударылады

Елімізде геологиялық барлау ерекше назар аударуды қажет етеді.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осылай деді. Мемлекет басшысы 2018 жылы минералды-шикізат базасын толықтыру мақсатында тау-кен секторын басқару бойынша жаңа заңнама қабылданғанын атады.  Алайда, ол толық жұмыс істемеді. Cалдарынан ресурстарға бай елде ұзақ уақыт бойы маңызды геологиялық жаңалықтар болған жоқ. Сондықтан жағдайды шұғыл түрде өзгерту керек. Тау-кен секторын басқару жүйесін қысқа мерзімде жаңғырту қажет, деді. Сонымен қатар соңғы кезде жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы жиілеп кеткенін тілге тиек етті. Президент Үкіметке кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажеттігін тапсырды. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс.

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті

«Жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кетті. Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс».