Биыл МӘМС қорына аудит жүргізіледі

Биыл мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына кезекті аудит жүргізіледі.

Бұл қордағы қаражаттың қаншалықты тиімді немесе тиімсіз жұмсалып жатқанын анықтайды. Нәтижесі келер жылы жарияланады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша алдағы уақытта Мемлекетттік медициналық сақтандыру қорына бақылау күшейеді. Мәселен, жүйе елде өмір сүріп жатқан 300 мың шетелдікті де қамтитын болады. Жалпы, соңғы 4 жыл ішінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 1,2 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін өскен.

Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Денсаулық сақтауды қаржыландырудың тапшылығы МӘМС-ті енгізбес бұрын үлкен ауыртпалық болып табылатынын айтқым келеді. Сала бойынша сол жылдары қаржының тапшлығы шамамен 400 млрд тг дейін жетті. Сонымен қатар денсаулық сақтаудың жеке шығындары барлық шығынның 39%-на дейін жеткен.