Көкшетауда ХҚКО мамандары жемқорлық күдігімен ұсталды

Көкшетауда халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жемқорлық күдігімен ұсталды.

Олар шетелден әкелінген 100-ге тарта көлікті тіркеу бойынша жалған құжат жасаған. Күдіктілер заңға қайшы әрекетін екі жыл бойына іске асырған. Соның салдарынан мемлекетке 700 млн теңгеден астам зиян келді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.