Суды тиімді пайдалану маңызды

Жаңадан құрылған Су және ирригация министрлігінің ел экономикасы үшін стратегиялық маңызыз зор.

Саясаттанушы Талғат Қалиевтің айтуынша трансшекаралық суларды пайдалануда тиімді, нақты жобалар қолға алыну қажет. Бүгінгі күннің өзінде республика бойынша су қоймалары мен бөгеттердің 60 пайызға жуығы тозып кеткен. Ендігі кезекте жаңа министрлік алдында ескірген бөгеттерді жөндеу, жаңадан құрылыс жұмыстарын бастау мәселесі тұр.

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

- Елімізде су мәселесі өте маңызды мәселе. Өйткені, біздің барлық суымыз жан-жақтан келеді. Мысалға, Қырғызстаннан, Қытайдан, Өзбекстаннан, Ресей жақтан келіп тұрады. Бізге бірден солардың бәрімен келісімшартқа отыру керек. Суды қалай бөлеміз, оны қалай  бірге пайдаланамыз. Әр көктемде біз су тасқынынан бейнет көреміз. Жазда су болмай құрғап қаламыз. Бізге осы министрлік өте керек. Өте маңызды.