Шымкентте емханаларға жаңа әдістеме енгізіліп жатыр

Бұдан былай емдеу мекемесінің жанынан ашылған «Үздік тәжірибе» орталығында медициналық көмекпен қатар әлеуметтік қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, №6 емхананың 69 дәрігері мен 39 орта буынды қызметкері арнайы оқу курсынан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырды. Олар емдеу мекемесіне тіркелген 10 мыңнан аса отбасы ішінен халық кеңесін құрып, ұйымдастыру комитетін жасақтады. Сондай-ақ ерлердің денсаулық күні белгіленіп, жастарға арналған жаңа бөлім іске қосылды. Мақсат – халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, - дейді дәрігерлер. Бұл үшін созылмалы аурулардың алдын алуға бағытталған озық тәжірибеге сүйеніп, инновациялық технологиялар пайдаланылады.

Нұрлыбек Асылбеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Осы емханаға қарасты тұрғындардың қандай сұраныстары бар, арыз-шағымдарын азайтуға, оны біліп шешуге жұмыс жасалады. Біздің жоспарымызда осы жылдың аяғына дейін осындай орталықтардың санын төртеуге жеткізу.