Таразда тыңайтқыш өндіру екі есеге артты

Тараздағы тыңайтқыш шығаратын зауыт өнім көлемін екі есеге арттырды.

Биылдан бастап кәсіпорын 1 миллион тоннаға жуық аммо-фос шығарады. Зауыт тауарының 70 процентін экспортқа, қалған 30 процентін жергілікті шаруаларға сатуда. Президент жолдауына орай, кәсіпорын келер жылы тыңайтқыш түрін, көбейтуді көздеп отыр.

Тараздағы минералды тыңайтқыштар зауыты 73 жыл бұрын жұмысын бастады. Ауқымды зауытта мың жарымнан аса тұрғын жұмыс істейді. Мекеме өз өнімдерін әлемнің 20-ға жуық еліне экспорттауда. Зауыт былтыр жылына 500 мың тонна аммофос шығаратын цехын іске қосты. Нәтижесінде жыл басынан өндірілген өнім көлемі былтырмен салыстырғанда 145 процентке артты. Мекеме алдағы жылдары өнім көлемін ғана емес түрін де көбейтуді жоспарлап отыр.

Ағаділ Байұзақов, минералды тыңайтқыштар зауытының бөлім басшысы:

- Бұрын бізде суперфосфат нейтроаммафос және аммафос шығаратын. Қазірде тәжірибе жасалып жатыр. Сульфааммафос, НПК дейді, азот, фосфор калий. Сондай тәжірибе жасадық. Бірінші тәжірибелерін алды. Олар өте жақсы нәтиже берді. Енді соны ары қарай көбейту үшін қазір компанияның басшыларымен сондай жоспар келесі жылдарға қойылып жатыр.

Сапасы жоғары зауыт өнімін жергілікті шаруалар да пайдаланады. Мәселен биыл 300  мың гектарға жуық алқапқа тыңайтқыш себілді. Деседе аграрлы аймақтың диқандары тыңайтқыш бағасының төмендетуді сұрап отыр.

Нұрсейіт Мейірханов, шаруа:

- Пестицитіміз бар минералды удобрениеміз бар соны дұрыс пайдаланғанымыздың арқасында басқа шаруашылықтарға қарағанда көбірек өнім 50-60 пайызға өнім жоғарырақ алып отырмыз. Көп өндірілсе бағасы сәл шаруаларға тиімдірек болса. Отандық тыңайтқыштар болсын шетелдік тыңайтқыштар болсын бағасы қымбаттау болып тұр.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше шаруаларды қолдау мақсатында субсидия қарастырылған. Яғни тыңайтқышқа жұмсаған шығынның 50 проценті мемлекет тарапынан өтеледі. Биылдыққа диқандардар 54 мың тоннандан аса тыңайтқышқа сұраныс түскен.

Шәкір Момынқұлов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- 700-ге жуық шаруаның өтінімі қанағаттандырылды. Оған кеткен қаражат көлемі 1 млрд 71 млн тг. Қосымша 1 млрд 400 млн теңгеден астам қаражатқа 900ге жақын шаруа қожалықтарының өтінімдері түсіп отыр. Сол өтінімге сәйкес және күзгі бізде жер жырту жұмыстарына 1,7 млрд теңгеге өтінім берілді.

Айта кетерлігі елімізде минералды тыңайтқыштың 700 түрі субсидияланады. Көмек қаржыны алу үшін шаруалар мемлекеттік gosagro.kz порталына өтінім берсе жеткілікті.

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Тимур Сейілхан