Референдум – демократиялы елге тән

Атом электр станциясын салу керек пе жоқ па деген мәселені жалпыұлттық референдумға шығару құптарлық іс.

Себебі, бұл елдің  болашағына тікелей әсер ететін аса маңызды қадам дейді АҚШ-тағы «Нью лайн» институтының директоры Камран Бохари. Әлемдегі ең ірі уран өндіретін мемлекет ретінде Қазақстанның өз жерінде атом станциясын салуына әбден болады, дейді америкалық сарапшы. Алайда қоғамды алаңдатқан бұл мәселеге  қатысты халықтың ойын білу - ашықтық, әділдік және өзара сенімге негізделген демократиялы елге тән ұстаным. 

Камран Бохари, "Newline Institute" сараптамалық даму институтының директоры: 

- Жалпыұлттық референдум өткізу Қазақстан билігінің  халықтың пікіріне құлақ асатынын көрсетеді. Бұл мәселеде қоғамның қолдауы маңызды. Бір жағынан бұл  әлемге билігі қарапайым халықпен санасатын Жаңа Қазақстан екенін көрсетеді. Адам құқықтарын басшылыққа алу, қоғам пікірін ескеру, халықтың әл ауқатына назар аударды сөзбен ғана емес, іспен көрсетудің үлгісі дер едім.