Атырау облысында төрт түлікке жарық шағылыстырғыш лента тағылды

Атырау облысында төрт түлік малға жарық шағылыстырғыш ленталар тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі күн бата көлік иелері жол бойында жайылып жүрген малды байқамайды. Соның салдарынан жол көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Енді алқаның арқасында жүргізушілер ірі қараны 200 метр қашықтан көре алады. Атырау-Орал тасжолы бойындағы 7 шаруа қожалығына 300 лента, 50 жарық шағылыстырғыш бояу үлестірілді. Акцияны ұйымдастыруға полицейлер бастамашы болды.   

Ерлан Биғамбаев, ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:

- Үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының басым бөлігі тәуліктің қараңғы уақытында орын алады. Жыл басынан бері облыс тасжолдарында үй жануарларының қатысуымен 80-нен аса жол-көлік оқиғасы орын алған. Аталған жол-көлік оқиғалары көбіне қала сыртындағы тасжолдарда үнемі қайталанып отыр.