Астанада 20-шы қабатта ілініп тұрған қыз құтқарылды

Астанада 20-шы қабат терезесінде ілініп тұрған қыз құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралды. 10 жастағы жасөспірім терезенің жақтауынан ұстап, аман қалды. Тұрғындар байқап, бірден хабар берген. Содан кешеннің күзетшісі шапшаң қимылдап, пәтерге кіріп баланы құтқарды. «Қазір оның жағдайы жақсы, ол ата-анасының жанында», деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.