Жамбыл облысында 900 млн теңгенің субсидия қаржысы жымқырылған

Жамбыл өңірінде таңқурайдың элиталық сортын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғандардың ісі сотқа жолданды.

4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген. Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті шаруа қожалықтарының жер телімдерінде ешқандай таңқурай егілмегенін және көшет сатып алынбағанын анықтады. Биыл сәуір айында тергеп тексеру барысында барлық күдікті қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңгеге тең мүлкін қолдануына тыйым салынды. Қыркүйекте қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, сот қарауына жолданды.