Ақтөбеде депутат әйел мандаты және жүргізу куәлігінен айырылды

Ақтөбеде мәслихат депутаты бір сәтте мандатынан да, көлік жүргізу куәлігінен де айырылды.

Қымбат тұлпар тізгіндеген 55 жастағы әйел қаланың орталық көшелерінің бірінде жол ережесін өрескел бұзды. Тексеріс кезінде ішімдік ішкені анықталды. Сөйтіп сотқа бірлден екі іс жолданды. Бүгін алғашқы отырыс өтті. Оған айыпталушының өзі келген жоқ. Сот шешімімен ол жарты жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.  Ал, ішімдік ішкеніне қатысты іс кейін қаралады. Депутаттың мәслихаттағы өкілеттігі де тоқтатылғаны белгілі болды. 

Дәурен Хамиев, қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Сот қаулы етеді Мұратова Сания Булкайырайырона ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігінде көрсеткен құқықбұзушы жасаған деп танып, оған 6 ай мерзімінде жүргізу  куәлігінен айыру жазасы қолданады. 

Мүсіреп Жанболатұлы, патрульдік полиция инспекторы:

- Алты жолақты жол белгісі және соны ортасынан бөліп тұрған екі таңбалау сызығын көлік құралын басқарып келе жатып, өтіп кеткен болатын. ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3-ші тармағы бойынша әкімшілік хаттама салынды және жол жүру қағидасы бойынша 9,2 тармағын бұзды.