Елордада ерекше жандар тың қабілеттерімен бөлісті

Елордада белсенді азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бас қосып, әлеуметтік ортаға бейімделу және қоғаммен біртұтас болу тәсілдері жөнінде пікір алмасты.

"Инклюзивті қоғам: Экстра-билити күні" атты шараға, әлеуметтік санаттары әртүрлі адамдар қатысты. "Мүгедек жастар қоғамы" бірлестігі ұйытқы болған жиында есту, көру және сезу мүмкіндігі ерекше дамыған жандар 12 мүшесі сау азаматтарға, осындай қабілеттерін ашу амалдарымен бөлісті.

Гүлбаршын Касиманова, шараға қатысушы:

- Біз мүмкіндігін шектеулі адамдардан еріктілер жасаймыз. Өйткені олардың білімдері мен өнерлері бар. Соны біз таратамыз. Ең алдымен бір-бірін қолдауды үйретеміз. Жастар мен басқа адамдарға қолдау жасауды үйретеміз. Оларды үйлерінен шығарып, қоғамға белсенді қатысуға үйретеміз.