Абай облысындағы ҚХП филиалына бір жыл толды

Қазақстан Халық партиясының Абай облыстық филиалына бір жыл толды.

3 мыңға жуық адам партия қатарына өтті. Филиал өкілдері қоғам белсенділерімен 137 ауылды аралап, елдің жағдайымен танысты. Өңірдегі 10-ға тарта елді мекенде бастауыш партия ұйымы құрылған. Алдағы уақытта әр ауданда филиал ашылады.

Айдын Егеубаев, ҚХП Абай облыстық филиалының төрағасы:

- Алдағы уақытта біз партия қатарына көптеген белсенді азаматтарды тартып, еліміздің ары қарай дамуына үлес қосамыз деп ойлаймын. Өйткені Президенттің өзі әділетті қоғам құрайық, әділетті мемлекетті бірге орнатайық деген бастамасын айтып жатыр. Ол да біздің партияның бағдарламасында бар.