Қарағандыға жарық қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. LIVE

Бүгін Қарағанды облысы сағат 10:30 шамасынан бастап электр жарығынсыз қалды.

Істемейтін бағдаршамдар мен энергиясыз қалған мекемелердің барлығының жұмысы тұралап қалған. Қазір мамандар қалпына келтіруге тырысып жатыр. 

Ермағамбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Жалпы облыс бойынша электр энергиямен проблема болып жатыр. Қазір менің тапсырмам бойынша бірінші орынбасар сол станцияларға барып, себебі неден болды және тез арада қосу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір тұтынушыларды жылдам қосу үшін жұмыс жасап жатырмыз.