Ақтөбедегі Президент резиденциясының қонақ үйі балаларға беріледі

Ақтөбедегі Президент резиденциясының қонақ үйі балаларға арналған нысанға айналады.

Аумағы 500 шаршы метр болатын ғимарат 2008 жылы салынды. Оның балабақша, лагерь немесе сауықтыру орталығы болатыны әзірге нақтыланбаған. Ал нысан орналасқан жер және резиденцияның өзі елдегі ірі компанияның меншігінде. Сол себепті қонақ үйге қарайтын учаскесін анықтау үшін әкімдік пен кәсіпорын арасында келіссөздер жүріп жатыр.

Тимур Рыскелдин, облыс әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінгі таңда акционерлік қоғам "КазХроммен" жер бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол үйге отдельный вход қарастырылуда. Бөлек тұрған үйдің 500 квадрат метр болса, оның ішінде 40 пайызы балаларға. Олар қонатын болса, онда 25 баладан аспайтын болады. Қалған бөлмелер қызметтік бөлмелер болып саналады.