52 авторлық құқық бұзушылық анықталды

Сот орындаушылар өндірісіндегі істердің жалпы құны 20 трлн теңгеге жуықтады.

Оның ішінде 4%-і алимент төлеуден жалтарып жүрген 7 мың борышкерге тиесілі. Олардың барлығына ел аумағынан шығуға тыйым салынған. Бірақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, қарызы бар азаматтарды жұмыспен қамту көзделген. Жыл басынан бері жұмыс жәрмеңкелері арқылы 2 мыңнан астам борышкер екі қолға бір күрек тапты.

Сонымен қатар биыл 9 ай ішінде зияткерлік меншік иелері плагиат бойынша Әділет министрлігіне 60-қа жуық шағым түсірген. Тексеру жұмыстары жүргізіліп, жалпы құны 24 млн теңгеге тең 52 авторлық құқық бұзушылық анықталды. 12 мыңға жуық контрафактілік тауар тәркіленіп, 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

- Дүниежүзілік зияткерлік меншік құқықтарын қорғау ұйымымен бірге өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Жақында ғана Алматыда жазғы мектептерді аштық, ВОИС-тің қатысуымен және де шілде айында ұйымның Бас хатшысы Дарен Тангпен кездескен кезде Алматы апорты жөнінде сөз қозғап, оған біздің елдің атынан тіркелсін деп ұсыныс жасап едік. Яғни, Алматы апорты Қазақстанның ұлттық географиялық көрсеткіші ретінде қолдауын сұрағанбыз.