Қызылордада ХІ Азаматтық форумы өтті

Қызылордада «Азаматтық қоғам және мәдениет: Қазақстанның жаңаруы бағытындағы құндылықтар мен басым бағыттар» атты өңірлік форум өтті.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері мемлекет егемендігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде ел тұрғындарының мәдени-шығармашылық әлеуетін нығайту тетіктерін талқыға салды.

Оңтүстік, батыс және солтүстік өңірлермен қатар Алматы, Шымкент пен Астанадан келген 200-ден астам делегат Қазақстанның мәдени трансформациясы жолындағы азаматтардың жауапкершілігін айқындау әдістерін талқыға салды. Демократиялық құндылықтар мен стратегиялық  реформаларды жүзеге асыруда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің атқаратын  қызметі ерекше. Азаматтық альянс бастамасымен жыл басынан бері 372 қоғамдық бірлестікке кеңес беріліп, 37 ауқымды шара өткізілді. Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарының қажеттіліктер картасы жасақталды.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қоғамдық ұйымдар саны 15 болса бүгінде олардың қатары 1100-ге жетті. Ның 500-ге жуығы өңірдің қоғамдық саяси, рухани-мәдени дамуына белсенді араласуда. Қазіргі таңда облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 142 жобаға 1 млрд 120 млн тг қаралды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалар 15 бағытты қамтып, ҮЕҰ-да 2 мыңға жуық адам жұмысқа тартылды.

Форумда мемлекет тарихына және рәміздеріне құрметпен қарау, ұлтжандылықты қалыптастыруға ерекше мән беру жайы сөз болды. Сондай-ақ әлеуметтік, мәдени және діни түрленулер мәселесі көтерілді.

Бану Нұрғазиева, Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті:

- Домбыра харам, әке-шеше, ата-ананың сөзі мүлдем сөз емес. Бұл қайдан тапқан нәрсе, бұл дерт қой. Осыны ұсыныс ретінде жібердік. Мен ойлаймын сіздер де қолдайсыздар деп. Бәріміз азаматтық қоғам болып, бұны жеткізбеуіміз керек, мұндай нәрсеге жібермеуіміз керек.

Жиын соңында өңірдің қоғамдық дамуына белсене атсалысып жүрген азаматтар марапатталды. Форум диалогтық форматта 3 тақырыпты секциялық, пленарлық және интерактивті сессияға ұласты.

Авторлары: Қамбар Бекенов, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Бәйділдаев