Қарағанды облысындағы орманға құс қалдықтарын төгіп кеткен

Қарағанды облысының Үштөбе ауылы маңындағы орманға біреулер көп мөлшерде тауықтың сүйегін төгіп кеткен.

«Құс қалдықтары қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп жатыр», - дейді экологтар. Негізінде бұл ауылдың іргесінде құс фабрикасы бар. Бірақ қоқыс тасыған жәшіктер оларға тиесілі болмай шықты. Табиғат жанашырлары заңсыз әрекетке барғандарды анықтау үшін  полицияға хат жолдады.

Айман Құлатаева, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:

- Әлі анықталған жоқ. Жұмыстар жүргізіліп жатыр департамент полициясы мамандарымен. Ұсталған жағдайда ҚР әкімшілік кодексінің 344 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әзірге жатыр, түк тазаланған жоқ. Анықталған жағдайда кім қоқысты тастады, сол кісі тазалайды.