Астанада дінаралық диалогты дамыту жайы талқыланады

Астанада алдағы аптада елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының XXI отырысы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға әлемнің 20-дан астам елінен 42 делегация өкілі қатысады деп жоспарланып отыр. Кездесу барысында дінаралық диалогты дамыту және қоғамдық бейбітшілік пен келісімді нығайту мәселелері талқыланады. Сондай-ақ өзектілігі күн тәртібінен түспеген рухани-адамгершілік құндылықтарын ілгерілету тақырыбы да қарастырылмақ.

Руслан Ибраев, Конфессияаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының бас кеңесшісі:

- Биылғы хатшылықта көтерілейін деп отырған мәселе – бейбітшілік және келісім. Сонымен қатар үлкен пандемияны өткіздік. Осы пандемиядан кейінгі әлем VII съезде талқыланған болатын. Сол мәселені ары қарай жетілдіру және сонымен қоса осы 2023-2033 жылдарға арналған съездің даму тұжырымдамасын әзірлеу.