Қ. Тоқаев: Оқушылар озық білім алуы қажет

Мұғалімдердің бас қосуында Президент балаларға білім беру жайлы да ой толғады.

Оқушылар заманға сай озық білім алуы қажет. Қазір көптеген салаға, жасанды интеллект еніп жатыр. Ғалымдар 2050 жылға қарай қазіргі кәсіптердің жартысына жуығын, цифрлық және техникалық жүйелер алмастырады деген болжам айтуда. Сондықтан жаңа заманға қажетті дағдыларды, үйрету керек екенін атап өтті.

Цитата

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұрын «Алған дипломың өмір бойы азық болады» деген түсінік бар еді. Енді оның орнын «Өмір бойы оқы және үйрен» деген қағида басуы керек. Қазір жұмыс берушілер үшін ең бастысы диплом немесе сертификат емес.

Олар іздене білетін, жаңа талапқа икемделе алатын, тәртіпті және ұқыпты жас мамандарды бағалайды. Яғни, қызметкердің қолындағы қағазға емес, қарым-қабілетіне мән береді.