Ядролық физика саласындағы ынтымақтастық

Қазақстанның Ядролық физика институты әлемдегі беделді орталықтармен байланысты нығайтуды көздеп отыр.

Бұл туралы Алматыда басталған «Жоғары энергия физикасы және үдеткіш технологиялар» атты халықаралық шарада айтылды. Оған алыс-жақын шет елдерден келген 50-ден астам маман қатысуда. Шілде айында Ядролық физика институты еуропалық ұйыммен келісімге келген. Уағдаластық аясында отандық  ғалымдар CERN-Ядролық зерттеулеріне қажетті строу-детекторлардың бір бөлігін құрастырып сатуды жоспарлап отыр. Бұған АҚШ-тың  ұлттық зертханасы тарапынан сұраныс көп.

Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:

- Строу-детектер деген қазір әлемде ең қажетті сенімді детектерлердің бірі болады. Farmilab CERN-нің тікелей конкуренті. DUNE деген жобаны 2028 жылы бастағалы отыр. Бас-аяғы 3,5 млрд құны бар мегасайенс жоба. Оның миллиард доллары осы строу-детекторлар. Сол миллиард доллардың ішіне Қазақстан өзінің үлесін қосып сол жерге строу-детекторлар жасап беремізба деген ниетіміз бар.