Жасанды интеллект: пайдасы мен зияны

IT мектептерде қалай тегін оқуға болады? Бұл сұрақтың жауабын халықаралық технологиялық форум мамандары ұсынбақ.

IT хабтар көрмесінде цифрландырудың дамуы, білім беру бағдарламалары және өңірлердегі стартаптардың жетістіктері жайлы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, Digital Bridge алаңында еліміздің IT мектептерінде тегін оқыту бағдарламасының тұсаукесері өтеді. EXPO көрмесінде өтіп жатқан жиында тағы қандай қызықтар бар?

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

-Адами және жасанды интеллектінің арасындағы тепе-теңдікті сақтау.  Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум - Digital Bridge 2023 биыл осы тақырыпта өтіп жатыр. Бұл жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастап, әлемдік компаниялардың жетекшілері, IT-инновация саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылар мен венчурлық инвесторлар қатысады. Екі күнде Digital Bridge алаңында 20  000 мыңнан астам адам бас қоспақ. Айта кету керек, форум бес жыл қатарынан IT-қауымдастықтың ерекше назарынд өзіне аударып келеді. Негізінен, Digital Bridge алаңында адам өмірін өзгертетін идеяларымен бөлісетін ғалымдар, студенттерм мен технологиялық алпауыттар бас қосады. Енді бүгін олар жасанды интеллект пен адами интеллект бірігіп қалай жұмыс істейтінін талқылайды. Технологиялық идеялардан бөлек, бұл форумда қалың жұртшылықтың қызығушылығын тудыратын тағы бір бағыт Astana Hub Battle. Оны осы шараның ең қызықты оқиғасы саналатын сайыста үздік IT стартаптар сынға түседі. Биыл батлдың жүлде қоры 4 есе ұлғайып, $75 мыңға  дейін жетті.

Мағжан Мәдиев, Astana HUB Бас директоры:

«Astana Hub Battle концепциясын сәл өзгерттік. Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталады - Best Social Impact, The Most Innovative, Exponential Growth.  Ал жүлде қоры  $75 мыңға  дейін артады, әр номинация бойынша $25 мың. Қазылар алқасының құрамында елімізідң  ірі инвесторлары болады».

Екі күн болатын форумның бағдарламасы ауқымды. Панельдік сессиялардан, кездесулер болады. Ал IT-мектептер көрмесінде Қазақстандағы цифрландыру, білім беру бағдарламалары мен озық технологиялар туралы айтылады.