«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ₸5,5 млн айыппұл төлейді

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы 1600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 5 млн 520 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты осындай үкім шығарды. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті теміртаулық бір топ кәсіпкердің ұжымдық шағымын негізге алып, кезектен тыс тексеру жұмыстарын жүргізген. Анықталғандай, ірі кәсіпорын арызданушылардың жылу құбырларын кесіп, біржақты шешіммен жұмысын тоқтатып тастаған. Алайда мұндай әрекетке баруға заңды құқығы болмаған. Сот шешімі әзірге күшіне енген жоқ.