Биыл 50 мыңнан астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шағымданған

Елде тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі өсіп отыр.

Жыл басынан бері 50 мыңнан астам қыз-келіншек полицияға шағымданған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. «Қазақстанның ХІ азаматтық форумы» қарсаңында ұйымдастырылған жиында қоғамдық институттармен тығыз байланыс орнату мәселелері қаралды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту жайы пысықталды. Бүгінде ішкі істер органдары 270 бірлестікпен тығыз байланыс орнатқан. Аталған ұйымдар жаңа заң жобаларын талқылауға да белсенді қатысады.

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа заң күшіне енген. Ол заң бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың барлығы ешқандай жәбірленушінің арызынсыз бірден әкімшілік іс қозғалады. Жәбірленушінің арыз жазудан бас тартуына байланысты ешқандай іс қозғалмай, бүкіл құқықбұзушылар жазасыз қалып жататын. Егер сандық мәлімет келтіретін болсақ, 60 пайыздан астамы жазасыз қалатын. Қазіргі таңда 92 пайыз құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартып жатырмыз.