Әлихан Смайылов: Жағдай әлі де күрделі

Әлихан Смайылов: Жағдай әлі де күрделі

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі қаралды.

Премьер-Министр отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мемлекеттік деңгейде, сондай-ақ қоғамның тарапынан да кешенді тәсілдерді талап ететінін айтты.

Атап айтқанда, биылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді:

Қылмыстық кодекске, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті түзетулер енгізілді;

Тамыз айынан бастап өңірлерде тиісті Жол картасы іске асырылып келеді.

Жалпы қазірдің өзінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтың төмендегені байқалады. Дегенмен бұл мәселеде жағдай әлі де күрделі. Жыл басынан бері осындай фактілер бойынша полицияға 74 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Әкімшілік қамауға алынғандардың саны 2 есеге көбейді, - деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған отбасыларға жүйелі түрде психологиялық көмек беру жұмыстары жүргізілмейтінін айтты.

Бұл ретте «Жедел желі» мен сенім телефондарының мүмкіндігін кеңейту қажет.

Жалпы отбасылық құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді баланың бойына жастайынан қалыптастырудың маңызы зор. Біздің қоғам отбасылық агрессорларға және осыған ұқсас фактілердің кез келген түріне мүлдем төзбеушілік танытуы тиіс. Зардап шеккендерді, әсіресе балаларды мұндай проблемамен бетпе-бет қалдыруға болмайды, - деді Әлихан Смайылов.