Елде бюрократиядан арылу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр

Биыл мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіруге бағытталған 250 ұсыныс әзірленіп, 33 түзету енгізілді.

Бұл нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі арнайы топтың отырысында белгілі болды. Салауат Муксимовтың  айтуынша, қазір қағазбастылықтан арылу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.  Сондай-ақ бірқатар ұйымдардағы қызмет көрсетуді басқаратын жүйесіз ережелерді жою мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Салауат Муксимов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:

- Қазіргі уақытта мемлекеттік реестрінде бар қызметтің 40 пайызы бізде ақылы түрде көрсетіледі. Ол ақылы болғандықтан ол қызмет алушыға бірден бір кедергі. Сондықтан оның негізділігіне біз тағы да көз жүгіртіп отырмыз. Агенттік осы салада талдау және арнайы мониторинг жүргізеді. Осы бүгінгі жиында біз сол талдаудың алғашқы кезеңін нәтижелеп қорытындысын шығарып отырмыз.