Жыл соңына дейін елдегі халық саны 20 млн-ға жетуі мүмкін

Жыл соңына дейін Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетеді деген болжам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы 10 жылда қатарымыз 3 миллионға толықты. Бұл туралы  «Отбасы – Қазақстанның тұрақты демографиялық дамуының негізі» атты халықаралық конференцияда айтылды. Жиында отбасы-демографиялық саясат мәселелері жан-жақты талқыланды. Мәселен, еліміздегі балалардың 20%-і ата-әженің тәрбиесін көріп өсіп келеді екен. Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген сауалнаманың қорытындысы осындай. Респонденттердің 67%-і – ата мен әже баланың бойына салт-дәстүр мен отбасы құндылықтарын сіңіруде айрықша роль ойнайды деп жауап берген.

Найля Мұхтарова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:

- Демографиялық болжамдарға сүйенсек, 90-шы жылдары «демографиялық шұңқыр» кезінде дүниеге келген әйел азаматтар бүгінгі күні сол нақты демографиялық репродуктивті кезеңде болғандықтан, сол адамдар, сол азаматшалар бүгінгі күні нәресте әкеліп жатқандықтан, олардың саны аз ғой. Және де солардың саны аз болғандықтан, болашақта туу көрсеткіштері Қазақстанда азаяды.