Астанада жас патриоттар слеті ұйымдастырылды

Жас патриоттар елордаға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазақстан – алтын ұям, бесігім» атты оқушылар слеті Республика күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Қазақстандық жас патриоттар академиясы осыдан 7 жыл бұрын құрылды. Қазіргі уақытта академияның өңірлерде филиалдары жұмыс істейді. Бүгінде 3 мыңнан астам мүшесі бар. Ал 60-қа жуық белсенді оқушы осы мүшелер арасынан іріктеліп алынып, слетке делегат ретінде қатысты. Слет шеңберінде балалар түрлі сабақтарға қатысып, белгілі педагогтардың дәрістерін тыңдады.

Тілдаш Битуова, Ы. Алтынсарин атындағы академияның корреспондент-мүшесі:

- Осының керек екенін мына келген балаларымыздың өздерінің жобалары мысал болып отыр. Сондықтан мемлекетіміз көркеюі үшін Жаңа Қазақстан болуы үшін, мысалы, жаңа өмір бастап, патриоттарымыз көп болуы үшін біз қолғабыс тигізуіміз керек, ұстаздар – қолымыздан келетін адамдар.