«Ауыл» партиясының мүшелері жастармен кездесті

Республика күніне орай «Ауыл» партиясының мүшелері жастармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутат Жигули Дайрабаев – 1990 жылы Егемендік туралы декларация қабылданған тарихи сәттің куәгері. Мәжілісмен сол уақыттағы естеліктерімен бөлісіп, мерекенің еліміз үшін ерекше маңызға ие екендігіне тоқталды. Жастардың сауалдарына жауап беріп, пікір алмасты.

Жигули Дайрабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жоғарғы Кеңестің ХІІ сайланған мен сол Парламенттің депутаты болдым. Ол кезде мен жап-жас жігіт болатынмын, 36 жаста. 25 қазан 1990 жылы мемлекеттің Қазақ Республикасының егемендігі туралы декларация қабылдадық. Ол декларация 17 тараудан тұрды. 365 депутат ол кезде қызмет жасайтын. Мынау жастар түсіну керек біздің сан ғасырлар бабаларымыздың аңсаған тәуелсіздігі мен егемендігіне қол жетті ғой енді. Биыл, амандық болса, 33 жыл толып тұр. Ол оңайлықпен келген жоқ.