ШҚО-да ауқымды скрининг басталды

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарында скрининг жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – әйелдер арасында сүт безі ісігін ерте кезеңде анықтауға бағытталған маңызды іс-шара. Мамандар күн сайын 120 адамды қабылдайды.   Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісік 40 және 70 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Сондықтан скрининг жыл сайын өкізіледі. Көшпелі медициналық тексеру барысында онкологиялық аурудың алдын алу жұмыстары қатар жүргізіледі.

Гүлмира Сагидуллина, көпсалалы онкологиялық орталықтың директоры:

- Әйелдердің арасында скринингтік тексеріден өтуге уақыт таппай жататындары бар. Сондықтан біз қабылдауды көшпелі форматты өткізудеміз. Өкінішке қарай, сүт безі обыры онкологиялық аурулар ішінде кең тараған. Ерте кезеңде анықтап, дер кезінде ем жасалса, сауығып кетуге болады.