Ақтөбе облысында Елек өзені үстінен салынған көпір жаңарды

Бұл Қаратоғай ауылы тұрғындары үшін зор қуаныш.

Себебі көпірді көктем сайын су шайып, жұртшылықтың қалаға қатынауы қиындайтын. Тіпті  апталап ауылдан шыға алмаған кездері де болған. Арғы бетке өту үшін айналма жолмен Мәртөк немесе көрші Родников арқылы жүрді. Тұрғындардың тілегін ескерген жергілікті серіктестік көпір құрылысына демеушілік жасап, 170 миллион теңге бөлген.

Мырзалы Айтмамбетов, Қаратоғай ауылының тұрғыны:

- Бұрын деген мына ескі мостымызды жылда су шайын алып кететін еді. Көктемде екі айға дейін қатынас болмай қалады. Мына су шайып кетеді мостына, жылда солай. Жасап берді мына мостыны көп-көп рахмет азаматтардың барлығына осы көмек көрсеткен. Енді бұны халықтың арманы десе де болады көптен күткен.