Көмілетін құрылыс қалдықтары азайды

Былтыр ел бойынша құрылыс жұмыстарынан қалған 18 мың тоннаға жуық қоқыс көмілді.

Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 75 пайызға аз. Мамандардың айтуынша, қалдық көму көлемінен Ұлытау өңірі көш басында. Шамамен 10 мың тонна. Тізімді Павлодар мен Ақтөбе облыстары жалғайды. Саладағы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған қаржы көлемі бойынша ең көп үлес Астанаға тиесілі – 6,8 млрд тг. Ал ең азы Жетісу, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында. Шығын көлемі 20 млн теңгеге де жетпейді.

Абылай Алмұханов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің департаменті басқармасының басшысы:

- Ресми полигондарға көмудің азайғаны егер рұқсат етілмеген қоқыстар табылмаса, бұл көрсеткіш өте күшті деп айтуға болар еді. Алайда өкінішке орай, олар табылып жатыр ғарыштық мониторинг барысында. Сондықтан да олардың толықтай алдын алу қажет. Бұл Экология министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алдында тұрған міндеттердің бірі деп айтуға болады.