Бас қала неге сусыз, жарықсыз қалды?

Кеше аяқасты астанада бір мезетте су мен жарық өшті.

Осыған орай, бүгін энергетика министрлігі апатқа нақты не себеп болғанын айтты. Ведомство өкілдерінің сөзінше, №2  Жылу электр орталығында қысқа тұйықталу орын алған. Бұдан генерацияның жұмысы баялауды. Апаттан бірқатар тұрғын үйге су беру де тоқтаған. Кейін әкімдіктің ресми сайтында электр желілерінің жұмысы қалпына келгені жайында ақпарат жарияланды. Жалпы алғанда, 5 сағаттың ішінде апат толық  жойылған. Дегенмен, бұл уақыттары медициналық ұйымдарға су мен жарық іркіліссіз берілген.